14-ақпаннан бастап барлық мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Айта кету қажет,Елімізде қаңтардың 24-нен бала саны 600-ден аспайтын білім ошақтары штаттық режимде жұмыс істеуде. Дегенмен, ұл-қыздардың саны белгіленген көрсеткіштен асатын мектептерде бірінші мен төртінші сынып оқушылары үшінаралас формат енгізілген болатын.
Ал 5 пен 11-сынып аралығында білім алатын шәкірттердің ата-аналарының талаптары ескертіліп, дәстүрлі режімде оқитын болады.
Қазіргі таңда облыс аумағында 472 мектеп бар. Петропавл қаласындағы 45 мектептің 22-сінде бала саны 600-ден асады. Әзірге, 9 мыңнан астам оқушы қашықтан, ал кейбір пәндерді оқу ұясына барып оқып жүр.
Жалпы, келесі дүйсебі барлық оқушылар дәстүрлі форматта сабақ оқуға көшеді.
Оқушылар мектепке оралады
545