Сергеев су қоймасында су тасқынының екінші толқынының қауіпті кезеңі өтті. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Спикердің айтуынша, қазір су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді.
— Петропавл қаласының маңында су деңгейі 2-4 см-ге дейін біршама көтерілді, жағдай тәулік бойы бақылауымызда, — деді Серік Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен бірге, өңірде 100 АЕК мөлшерінде төлемдер жасалып жатыр. Бүгінгі таңда 2 349 отбасы жалпы сомасы 867 млн теңгеден астам біржолғы төлем алды.