Жеңіс күніне орай солтүстікқазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден қаражат беріледі. Бүгіндері өңірде көзі тірі 4 майдангер бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірдегі 4 ардагердің барлығы да Петропавлда тұрады.
– 4 солтүстікқазақстандық ардагердің әрқайсысына 1 жарым млн. теңгеден ақша төленеді. Ал Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 3231 азаматқа арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған, – дейді басқармадағылар.
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек еткендер мен КСРО ордендерімен немесе медальдарымен наградталғандарға 18460 теңгеден 100 000 теңгеге дейінгі біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл аталмыш біржолғы көмек төлеу үшін 69 млн. теңге қарастырылған.