Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқанына дайындық жүріп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл облыста 4,5 миллион гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Әртараптандыру аясында әлеуметтік маңызы бар дақыл – қарақұмық алқабы 26 мың гектарға дейін ұлғайтылады.

Көктемгі дала жұмыстарына 53 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. 256 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарлануда.

Өңір басшысы егіс науқаны оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуі керектігін баса айтты. Облыс әкімі тұқымдарды тексеру, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға келісімшарттар жасау, дизель отынын уақытылы жөнелту және жеткізу мәселесін ерекше бақылауға алу және техниканың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды дер кезінде жүргізуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz