Иіс тиіп уланған 8 баланың бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Айыртау ауданында көміртегі тотығымен уланып қалған бір отбасының 8 баласы аналарымен бірге аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға түскен 8 баланың үшеуі балалар бөлімшесіне орналастырылды, жағдайлары орташа. Қалған бес бала қазір жансақтау бөлімшесінде жатыр, жағдайлары тұрақты, ауыр.

— Әйел 1990 жылғы, аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне орналастырылды. Балалардың ең кішісі 2018 жылғы және егіз қыз 2012 жылы туған. Егіздің біреуі де жансақтау бөліміне түсті, — CҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Айыртау ауданы Антоновка ауылында бір үйдің 9 адамы иіс тиіп уланғандығы жөнінде «112» телефонына хабар түсіп, олардың бәрі жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілген еді. Алдын ала болжам бойынша, әйел пештің мұржасын ерте жауып тастаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz