Мотоциклді құжатсыз басқарған жүргізуші анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста мотокөлік құралдарының қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ПД мәліметінше, тәртіп сақшылары Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде тіркеу нөмірлері жоқ «Yaqi» мотоциклінде келе жатқан екі жас жігітті тоқтатады. 18 жастағы жүргізушіге қатысты бірден екі хаттама толтырылды. Ол тіркелмеген көлік құралын пайдаланған және мотоциклды басқаруға рұқсат беретін куәлігі болмай шықты.

– Мотоциклді тек кәмелетке толған адамдар ғана басқара алады. Оларда тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Мопедті пайдалану үшін жүргізуші куәлігі қажет емес. Десе де жүргізушінің жасы кем дегенде 16-да болуы шарт. Сонымен қатар ол жол қозғалысы ережелерін біліп, толық сақтауы қажет, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz