СҚО-да заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста заңсыз аңшылықпен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың күзінде Петропавл қаласындағы саяжай қауымдастығының бірінде 53 өлі елік табылды. Бұл қылмысқа қатысы бар 4 Петропавл қаласының тұрғыны ұсталған болатын. Тергеу барысында олар мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталып дәлелденді. Алайда сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген.

– Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, 4 қала тұрғынын 8 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу бойынша үкім шығарды, — делінген мәліметте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz