Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясы, 102 мекенжайында жеке тұрғын үйдің ауласындағы монша өртке оранды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сәуірдің 25-сі күні сағат 11:04 кезінде орын алды. Өрт моншаның 50 шаршы метрін шарпыды.
– Оқиға орнына дереу өртсөндірушілер жіберілді. Қызыл жалын моншаның шатыры мен ішкі қабырғаларына зақым келтірді. От толықтай сағат 12:00-де ауыздықталды. Тілсіз жаудың шығу себебі – пештің дұрыс істелінбеуі. Оның иесіне әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.