СҚО-да 155 адамды ит қапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде ит қауып, дәрігерге қаралған тұрғындардың саны артты. Санитар дәрігерлер мұны су тасқынымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Юлия Гайсинаның айтуынша, жыл басынан бері өңірде ит-мысықтан, жабайы жануарлардан зардап шеккен 236 адам дәрігерге қаралған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға көп.

— Зардап шеккендердің 155-ін немесе 65,7 пайызын ит қапқан, 69 адам немесе 29,2 пайызы мысықтан зардап шеккен, бір адамды түлкі қапса, 6 адамды жылқы тістеп алған. Сондай-ақ 5 адам тышқандар мен егеуқұйрықтардан зардап шекті. Антирабиялық көмекке жүгіну Айыртау ауданында 11, Ақжар ауданында 5, Ғабит  Мүсірепов атындағы ауданда 18, Есіл ауданында 7, М. Жұмабаев ауданында 3 және Тайынша ауданында 6 жағдайға артып отыр, — дейді Юлия Гайсина.

Маманның айтуынша, барлық жағдайлар бойынша эпизоотолого-эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. Өтініш білдіргендердің барлығы екпе алған.

Су тасқыны кезінде Петропавлдағы көпсалалы қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне антирабиялық көмек алу үшін 14 волонтер мен құтқарушы жүгінген. Оларды уақытша ұстау пункттеріндегі иттер қауып алған.

— Қолданыстағы ережелерге сәйкес иттерді байлап немесе қоршауда ұстау керек, серуендеуге қарғыбаумен және тұмылдырықпен шығару қажет. Бұл үй жануарларының қаңғыбас иттермен және ауру жабайы жануарлармен байланысына жол бермеу үшін қолданылады. Барлық иттер құтырма ауруына қарсы егілуі керек. Өйткені  біздің өңіріміз құтырма ауруының табиғи ошағы аймағында орналасқан. Әсіресе қысқы-көктемгі кезеңде эпизоотиялық белсенділік байқалады, бұл кезде қауіпті вирусты жабайы жануарлар ит-мысық, ауыл шаруашылықғы жануарларына жұқтырып, салдарынан адамдардың ауыру қаупі артады, — дейді санитар дәрігер.

Маман ит қапқан жағдайда тісі тиген жерді дереу сабынмен және сумен кем дегенде 15-20 минут бойы жуу керек, жараның шетін 70 пайыздық спиртпен немесе 5 пайыздық йод тұнбасымен өңдеп, құтырмаға қарсы вакцина қойдыру үшін медициналық мекемеге мүмкіндігінше ертерек жүгіну маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz