СҚО-ға Жетісу облысынан гуманитарлық көмек жеткізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

CҚО-ға Жетісу облысының тұрғындарынан су тасқынынан зардап шеккендерге 40 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті. Жақын арада азық-түлік, тұрмыстық заттар және киім-кешек петропвлдықтарға таратылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жалпы су тасқыны басталғалы Жетісу өңірінен еліміздің су басқан аймақтарына 190-нан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұдан бөлек, жұртшылық түрлі қайырымдылық қорларына да жылу жіберген. Көмекті жинауға «AMANAT» облыстық филиалы, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер белсенді қатысты.

– Бұл гуманитарлық көмек Жетісу жұртшылығынан шын жүректен жіберіліп отыр. Игілікті іске мүмкіндігі шектеулі жандар да белсенді атсалысты. Сондай-ақ, «Ажар» тігін фабрикасы, Қазақстан халқы ассамблеясы, қарапайым адамдар да өз үлестерін қосты. Біз осылай біріккен кезде ғана барлық қиындықты жеңіп шығамыз, — деді «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын.

Соңғы 2,5 аптада Солтүстік Қазақстан облысына 1300 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді. Оның барлығы «Радуга» ЖШС қабылдау орталығында сұрыпталады және ресми беру нүктелеріне жіберіледі. Оның үшеуі — Петропавлда орналасса, қалғаны — Қызылжар ауданында орын тепкен. Әрбір көмек тарату орталығы су астында қалған жеке ауданға тағайындалады. Беру үшін көше бойындағы аға тұлғалар анықталды, олар қажетті тізімдерді қалыптастырады. Соның негізінде жауапты тұлғалар мұқтаж жандарға тауар таратады.

whatsapp image 2024 04 29 at 10.42.31whatsapp image 2024 04 29 at 10.42.33

Бұл күні Алматы облысынан «Damu Logistics» компаниялар тобы 45 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде бұқтырылған тағам, тұрмыстық химия, тамақ, балалар тағамы, су және басқа тауардар бар.

– Барлық керек заттарды әкеліп отырмыз. Оның арасында вентиляторлар, үтіктер мен төсек орындар бар. Көмекке мұқтаж жандар ресми беру нүктелеріне келіп ала алады,- деді «Damu Logistics» компаниялар тобы директорының орынбасары Арман Шаймергенов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz