Футболдан ел біріншілігінің 6-шы туры өтті. Жергілікті «Қызылжар» клубы кезекті ойынын сырт алаңда «Атырау» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Бірінші минуттардан бастап қос клуб та шабуылдауға кірісті. Десе де матчтың алғашқы голы екінші таймда соғылды. «Қызылжар» командасының қақпасына алдымен кездесудің 50-ші минутында Николай Сигневич нәтижелі соққы жасаса, араға үш минут салып, атыраулықтар тағы бір голды еншілеріне жазды. Бұл жолы Яков Новак көзге түсті. Қорытынды есеп 2:0.
6-шы турдан соң «Қызылжар» клубы 8 ұпаймен турнирлік кестенің 6-шы орнына жайғасты. Ал көш басында әзірге, «Ақтөбе» командасы келе жатыр. Ақтөбеліктердің қоржынында – 10 ұпай.