Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен 60 жастағы қала тұрғынының денесінің 40 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқиға 26 сәуір күні түнгі сағат 23:00 шамасында Солнечный шағынауданында орын алды. Жеке тұрғын үйден шығарылған 60 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
СҚО ТЖД мәліметінше, өрт жеке тұрғын үйдің жатын бөлмесіен шыққан. Қызыл жалын 16 шаршы метр аумақты шарпып, барлық жиһаз өртеніп кетті.
– Отты ауыздықтауға 17 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт темекі тұқылынан шыққан. Материалдық шығын есептелуде, — дейді баспасөз қызметі.
Кейін белгілі болғандай, 60 жастағы үй иесі ауруханаға жатқызылып, алған жарақаттарынан көз жұмды.