Есірткі жасырумен айналысқан 23 жастағы қала тұрғыны 15 жылға бас бостандығынын айырылуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері СҚО-да есірткі өткізумен айналысқан 36 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 20-сы – 18 бен 25 жас аралығындағы азаматтар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, оңай олжаға кенелгісі келетіндер көбіне есірткіні өткізу мен жасырумен айналысады. Олар есірткі сатушылардың сөздеріне сеніп, қомақты қаражат табу мақсатында тура жолдан таяды.

Қаңтар айында тәртіп сақшылары 23 жастағы облыс тұрғынын Петропавлдағы көлікжай кооперативтерінің бірінде ұсталды. Жас жігіт интернет-дүкенде бір апта ғана уақыт жұмыс істеп үлгерген.

– Жедел іс-шара кезінде Белла атты қызметтік-іздестіру итімен жас жігіт ұсталды. Одан ақ ұнтақ тәрізді зат салынған 25 түйіншек табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 28,12 грамды құрап, ол «мефедрон» деп аталатын синтетикалық есірткі екені белгілі болды.
Күдікті облыс орталығындағы есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде есірткі жасырушы болып жұмыс істеу үшін аудандардың бірінен келген. Алайда оның қылмыстық әрекеті бір аптаға ғана созылды. Енді аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz