СҚО-да мамыр айында қар жауады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да алдағы үш күнде күн суытып, жауын-шашын күтілуде. Ауа температурасы минус 6 градусқа дейін төмендеп, қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман түседі.

— Сәуірдің 30-ы күні облыстың солтүстік-шығысында түнгі уақытта ауа температурасы – 2°C  дейін төмендейді. Облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы күндіз 25 м/с -ге дейін жетпек. Күндіз термометр көрсеткіші + 9°C көрсетпек, – деп хабарлады синоптиктер.

Ал мамыр айының алғашқы күнінде ауа температурасы күндіз + 13 °C дейін жылынғанымен, түнде кей аудандарда – 6 °C болады деп болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауады.  Ал екінші мамырда тұман болуы ықтимал. Түнде +1+6 °C, күндіз +5+10 °C болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz