228
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Kazakhmys» корпорациясы мен «Kaspi» АҚ өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Кездесуде су тасқынынан зардап шеккендерге үйлер салу, пәтерлерді алу және баспаны жөндеу мәселелері талқыланды.
— Бізге бұл жұмыстарды мейлінше тез аяқтау қажет. Адамдардың үйлеріне тез оралуы немесе жаңа баспанаға ие болуы – басты міндет — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.