Облыс арқылы өтетін «Астана-Петропавл» тас жолында екі көлік соқтығысты. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО Пд мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сәуірдің 25-сі күні Тайынша ауданының аумағында орын алды. Республикалық трассада «Volvo» жүк көлігі мен «Chrysler» соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
— Аталған факті ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелд», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.