162
9-12 мамыр күндері Түркияның Стамбул қаласында өтетін күрес түрлерінен соңғы іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов 74 келі салмақта Нұрғожа Қайпановтың белдесетінін мәлімдеді. Бұған дейін аталған салмақта Талғат Сырбаз күреседі деп жоспарланған.
— Талғат Сырбаз белін жарақаттап алды. Сол себепті, Стамбулдағы турнирге Қайпанов қатысады, — деді бас бапкер.
Нұрғожа Қайпанов Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық турнирге қатысып, жартылай финалда ирандық балуанға ірі есеппен жол берген еді.