Петропавлдағы жоғары оқу орнында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңіріміздегі жалғыз оқу орны – М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де биылғы оқу жылында осымен екінші бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға облыс орталығына алыс-жақында орналасқан елді мекендегі білім ұяларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңіріміздің жеті ауданы мен қаламыздың мектептері, гимназиялар, балабақшалар, білім ошақтары, сонымен қоса, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мен Мансап орталығының өкілдері бұл шарада 80-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Бүгінгі жәрмеңкенің мақсаты – түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, жұмыс берушілер үшін лайықты үміткерлерді тарту, жұмысқа қабылдау  үдерісін жеңілдету. Білім алушылар кеңес алып, түйіндеме жіберіп, еңбек жағдайлары мен жалақы туралы ақпарат алды. Шараға 26 мекеме  қатысып отыр. Көбі М.Жұмабаев, Шал ақын, Мамлют, Тайынша, Қызылжар, Айыртау және Есіл аудандарынан келді, – деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың  мансап және жұмыспен қамту орталығының әдіскері Нәзира Тасқалиева.

Жалпы  биыл жоғары оқу орнын 1500-ге жуық түлек аяқтаса, оның 480-і педагогикалық білім беру бағдарламасын тамамдаушылар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz