СҚО-да 3 мыңнан астам үй әлі де су астында тұр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының шырқау шегі өтті. Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жазира Қожахметова айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— СҚО-да жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 1 метр 38 см-ді құрайды. Бұл оның 125 пайызға толғанын білдіреді. Қауіпті деңгей – 1 метр 50 см. Тәулік ішінде су деңгейі 11 см-ге төмендеді. Облыста, Есіл өзенінің бойында су деңгейінің едәуір төмендегені байқалады. Есіл ауданында Покровка селосының гидробекетінде су деңгейі 51 см, Новоникольское селосында 24 см төмендеді. Демек су тасқыны екінші деңгейінің шырқау шеші ол жақта өтті. Ал Петропавлда су тасқынының шырқау шегі қазір өтіп, тәулік ішінде су деңгейі 19 см төмендеді, — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, нақтыланған мәліметтер бойынша, СҚО-да су тасқыны басталғаннан бері 3 898 үйді су басты, 712 үйден су кетті. Қазіргі сәтте 3 186 үй және 750 үй маңындағы аула суда тұр. Жалпы облыс бойынша 14 мыңнан адам эвакуацияланды, олардың 3 596-сы — бала. 764 адам үйлеріне қайтты, олардың 200-і — бала.

— Халықты уақытша орналастыру пункттерінде 906 адам, оның ішінде 159 бала орналастырыған. 12 718 адам туысқандарының үйінде. Көшірілген адамдар 13 халықты уақытша орналастыру пункттерінде. Олар 8 ауданда, 5 облыс орталығында орналасқан. Оларға ТЖМ Апаттық медицина орталығының, ТЖ департаментінің психологтары мен дәрігерлері қызмет көрсетуде. Төтенше жағдайды жоюға барлық күштер жұмылдырылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларын орындауға қазір СҚО ТЖД, ТЖМ-нің Астана, Ақмола,Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарының күштері тартылған, — деді ресми өкіл.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz