Алаяқтар мессенджерлер арқылы ақшаңыздан айыруы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да белгісіз біреу әлеуметтік мессенджерде «Ескерту. Су тасқыны. Петропавл» деген атаумен фишингтік сілтеме жариялады. Бұл жалған хабарламаға алданғандардың қатары мыңнан асуы ықтимал, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД мәліметінше, Петропавл тұрғындары су тасқыны туралы ақпаратпен бөлісетін чатта шетелдік нөмірден зардап шеккендер 5 млн. теңге көлемінде өтемақы ала алады деген хабарландыру жариялаған. Ол үшін сілтемеге өту ұсынылды.

– Жедел қызметкерлер сілтемені заманауи техникалық құралдардың көмегімен тексеріп, оған өткен кезде «WhatsApp» қосымшасы арқылы телефонның есептік жазбасын бұзатын вирусты жұқтыратынын анықтады. Кейін ұялы телефоннан барлық контактілерге ақша алу туралы өтініш және алаяқтар басқаратын шот нөмірі жіберіледі. Фишингтік сілтеме уақытылы жойылды. Тәртіп сақшылары адамдарды сергек болуды және қаржыға қатысты барлық ақпаратты тексеруді сұрайды. Аймақ тұрғындары күмәнді хабарландырулар мен сілтемелерді қылмыстық полиция басқармасының қызметкеріне WhatsApp-қа жібере алады + 7 747 429 0203 тексеру үшін, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz