Су тасқыны кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға қандай мүлік өтеледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 сәуірдегі қаулыны қабылдады. Ол табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар бойынша, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Нақтыланғандай, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен және (немесе) ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ережелер қандай мүлік өтелетіні туралы тармақпен толықтырылды.

Зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті келесі мүлік өтелуге жатады:

  • тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс;
  • ауылшаруашылық жануарлары;
  • тағамды сақтауға және дайындауға арналған заттар – тоңазытқыш, газ плитасы (электр плитасы) және ыдыс-аяқ шкафы;
  • тамақтануға арналған жиһаз заттары – үстел мен орындық;
  • ұйықтауға арналған жиһаз заттары – кереует (диван);
  • азаматтарға хабар беру құралдарының заттары – теледидар (радио);
  • киім күтіміне арналған заттар (кір жуғыш машина);
  • сумен жабдықтау және жылу беру құралдарының заттары (орталықтандырылған сумен жабдықтау және жылу беру болмаған жағдайда) – су беруге арналған сорғы, су жылытқыш және жылыту қазандығы (тасымалды пеш).
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу келтірілген нұқсанының мөлшерін бағалауға сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Зиянды (нұқсанды) өтеу үшін жергілікті атқарушы орган Зардап шеккендерге келтірілген материалдық нұқсанды бағалау және өтеу жөнінде комиссия құрады.

Комиссия туралы ережені жергілікті атқарушы орган айқындайды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz