Отбасылық-тұрмыстық сипатта 514 құқық бұзушылық анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері Петропавл полицейлері отбасылық-тұрмыстық сипаттағы 500-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 — Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері жүргізетін әдістемелік түсіндіру жұмыстары өз жемісін беруде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адамның қадір-қасиетін қорлайтын кез келген қарым-қатынас қолайсыздық тудырады. Сол үшін жағдайды шиеленістірмей, құқыққа қарсы мінез-құлық фактілерін жасырмау қажет, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясова.

Полицейлер отбасылық жанжал, ұрыс-керіс немесе ауызша қорлау тіркелген мекен жайларды үнемі тексеріп отырады. Жыл басынан бері құқық бұзушыларға қатысты 511 қорғау ұйғарымы шығарылып, сот шешімімен 122 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Осыған қарамастан 56 жанжалқой қорғау ұйғарымын бұзса, 78 адам ерекше талаптарды елемеген. Мұндай тәртіп бұзушыларға әкімшілік қамауға алу түріндегі ықпал ету шарасы қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz