Велосипед ұрлығын алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері велосипед ұрлығының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Велосипедпен жүру маусымы басталысымен Петропавл қаласы полиция басқармасы құрамындағы екінші полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары мен жедел уәкілдері Жұмысшы кентінде ақпараттық-профилактикалық рейд жүргізді. Сақшылардың негізгі мақсаты – велосипед ұрлығының алдын алу.

Полицейлер үй-үйге кіріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қос дөңгелекті көлікті, балалардың қол арбаларын үйдің кіреберісінде, баспалдақтардың астында қалдырмаған жөн. Өйткені қараусыз қалған заттарды ұрылар қолды қылуы мүмкін. Мүмкіндігінше оларды үйдің ішінде, балконда немесе жертөледе сақтаған дұрыс немесе айдап әкетуге қарсы құлыптармен бекітіп қалдырған абзал.

Бұдан бөлек, есепте тұрған тұлғалар, қолайсыз отбасылар, азаматтық қару иелері тексерілді. Абаттандыру ережелерін бұзу да назардан тыс қалмады. Жергілікті тұрғын гараж кооперативтерінің бірінің маңы қоқысқа толып тұрғаны жөнінде полицейлерге шағымданды. Аталған аумақтың төрағасына хаттама толтырылып, бірінші ретке ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды. Егер 10 күннің ішінде аумақты тазалау бойынша шара қабылдамаса, айыппұл салынуы мүмкін.

Полицейлердің айтуынша, осындай рейдтік іс-шаралар шеңберінде бірқатар мәселелер қамтылмақ. Негізгі мақсат – бөтеннің мүлкін ұрлаудың және басқа да қылмыстардың алдын алу, адамдарға заңнама талаптарын түсіндіру.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz