Саумалкөлде қора жанып кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін таңғы сағат бес шамасында Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында тұрғын үйдің жанында орналасқан шаруашылық нысан өртке оранды. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт жайлы хабар «101» пультіне сағат 04:59 келіп түсті. Оқиға орнына дереу өртсөндірушілер жіберілді.

– Өрт Саумалкөл ауылындағы Ақан сері, 115 мекенжайында орналасқан үйдің ауласында тұрғызылған қора-қопсыдан шықты. Қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті №7 өрт сөндіру бөлімінің құрамы жұмылдырылды. Тілсіз жау толығымен сағат 05:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алды, – делінген ведомство таратқан мәліметте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz