СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 7 пәтер сатып алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер сатып алынды. Оның біреуіне Косогорда тұрған Валерий және Людмила Беленконың отбасысы ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бүгін облысымызға сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және СҚО әкімі Ғауез Нүрмұхамбетов Беленко жанұясында болып, жаңа қоныспен құттықтады. Жалпы айтып өткен жөн, пәтерді адамдар өздері таңдайды. Баспана беру бағалау жұмыстары мен комиссияның үйді қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытындысына байланысты беріліп отырмақ.

photo1714814922photo1714816319

Сондай-ақ, Министр Ойқалада қалпына келтіру жөніндегі штабта болып, Солнечный 2 ықшам ауданында салынып жатқан үйлер құрылысының барысымен танысты. Жаңа жатақханада зардап шеккендермен және «Қызылжар су» қызметкерлерімен кездесу өткізді. Оған қоса, гуманитарлық көмекті қабылдау пунктінде болып, еріктілермен кездесіп, шығынды өтеу туралы арыздарды Egov mobile қосымшасы арқылы қабылдау алгоритмі туралы түсіндерме жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz