СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала, Былғары кенті мен Тепличное ауылында бекітілген аудандардың жедел штабтарында болып, қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Жауапты аудан әкімдері орынбасарларының есебі тыңдалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Техникасы бар механикаландырылған жасақтар су тасқынынан зардап шеккен үйлер мен көшелерді тазалауға кірісті.

photo1714912711 2 photo1714912711 1

Қазір Ойқалада Мүсірепов, Тайынша, Айыртау аудандарының жасақтары жұмыс істеуде. Судың кетуіне байланысты топтардың саны өсіп отырады. 20 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Былғары кентінде Шал ақын, Жамбыл, Есіл аудандарының 15 жасағы жұмысқа кірісті. 30 мотопомпа жұмыс істеуде.

Бағалау комиссиясының қорытындысынан кейін және үй иесінің келісімімен жасақтар үйлерді жөндеуге кіріседі. Егер баспананы қалпына келтіру мүмкін болмаса, бұзу жұмыстары жасалады.

Өңір жасшысы Ойқаладағы 0-8 км айналма жолдың жағдайымен де танысты. Қазір бөгет арқылы өнімділігі жоғары насостар үздіксіз су сорып жатыр. Тағы да қуатты су сору техникасы іске қосылады. Бұл шағын ауданды тез арада кептіруге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz