Футболдан ел біріншілігінің 7-ші турында «Қызылжар» клубы өз алаңында түркістандық «Тұран» командасын қабылдады. Өкінішке қарай, жерлестеріміз қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші тайм басталысымен жерлестеріміз шабуылдауға кірісті. Алайда доп қақпадан табылмай жатты. Түркістандық қырағы қорғаушылар қауіптің бетін қайтарып, ойынның екінші бөлімінде «Тұран» аяқдопшылары нәтижелі соққы жасады. Голдың авторы — «Қызылжар» футбол мектебінің түлегі Александр Соколенко.
Ойынның соңына дейін жерлестеріміз таразы базын теңестіруге тырысты. Алайда есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша жерлестеріміз 0:1 есебімен қарсыластарына есе жіберді.
Турнирлік кестеде «Қызылжар» клубы 8 ұпаймен 8-ші орынға түссе, қарсыластарымыз «Тұран» командасы 9-шы орынға жайғасты. Әзірге көш басында қостанайлық «Тобыл» келе жатыр. Олардың еншісінде 12 ұпай бар.