СҚО әкімі солтүстікқазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні. Айтулы мерекемен өңір тұрғындарын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Құрметті Отан қорғаушылар! Қымбатты солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекеде елімізді қаһармандықпен қорғап жүрген жандарға құрмет көрсетеміз!

Бұл күнді алапат соғыс жылдарының батырларын еске алып және Тәуелсіз еліміздің қазіргі қорғаушыларын құттықтай отырып атап өтуіміздің өзіндік символикалық мәні бар. Олар аға буын өкілдерінің ерлігінен үлгі ала отырып,  бейбіт уақытта да батырлық көрсетіп, біздің мемлекетімізді қаһармандықпен қорғауда.

Оны биылғы көктемдегі оқиғалар анық көрсетті. Көктемгі су тасқынының салдарымен  күресте  әскери қызметшілер шешуші рөл атқарды. Ең қиын сәттерде  біздің сарбаздар мен сардарлар батылдықтың, антқа адалдықтың, қайсар мінездің үлгісін көрсетті.

Олардың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерге дайын болуы, жоғары кәсіби деңгейі мен батылдығы су тасқынынан келетін шығынды барынша азайтты және көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.

Құрметті әскери қызметшілер! Сіздердің  қиын сәттегі батыл әрекеттеріңіз қандай құрметке де лайық. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, бейбіт аспан және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін! — деді СҚО әкімі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz