Су басқан «Петропавл – Жезқазған» тас жолында көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазавтожол» АҚ СҚОФ ақпаратынша, су тасқыны кезінде Есіл ауданының Покровка ауылы арқылы өтетін «Петропавл – Жезқазған» тас жолы бір айға жуық уақытқа жабылған болатын. Бүгіндері аталмыш учаскіде мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бүгін трассаның бұл аумағын ашты.
– Жол учаскесін жөндеуге Ақмола және Қарағанды облыстарынан қосымша күш жіберілді. Алдағы уақытта трасса толығымен қалыпқа келтіріледі, — дейді «Қазавтожол» АҚ СҚОФ директорының орынбасары Қанат Өсербаев.