Облыстағы су тасқынынан зардап шеккен балалар мамыр айында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында қосымша ауысым ұйымдастырылып, облыстан мамырдың 8-і мен 25-сі күндері аралығында 96 бала демалуға барады. Оның 37-сі Шал ақын ауданынан, 9-ы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданнан Қонаев қаласындағы «Балдәуренге», ал Петропавл қаласы, Есіл және Қызылжар аудандарынан 48 оқушы Щучинск қаласындағы «Балдәуренге» жіберіледі.
– Бүгін балалар сағат 18:00-де оқу-сауықтыру орталықтарына Петропавл темір-жол вокзалынан аттанады. Олар «Петропавл-Алматы» бағыты бойынша жүретін пойызбен діттеген орынға жетеді, — дейді баспасөз қызметі.