Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектеп түлектері республикалық эко-челленджге қатысты. 9 бен 11-ші сынып оқушылары білім ордаларының аулаларында ағаш көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Түлектердің ағаш отырғызу» акциясына облыстың 3926 түлегі қатысты. Олардың 656-сы – 9-сынып, қалған 3270-сі 11-сынып оқушылары болып табылады.
– Акцияға облыстағы барлық мектептерінің түлектері қатысты. Осылайша олар 3800-ге жуық тал отырғызып, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.