Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2022 жылы минералды тыңайтқыштардың бағасын субсидиялауға 6,5 млрд. теңге бөледі. Демеуқаржы тыңайтқыштардың 473 түрін алуға беріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық әкімдіктің қаулылысында сатып алынған тыңайтқыштардың шығындарын өтеу үшін ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауылшаруашылығы кооперативтеріне субсидиялар беру жөніндегі бірқатар талаптар, атап айтқанда, минералдық тыңайтқыштар субсидияларының нормалары қосылған құн салығын есепке алмағанда, минералдық тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес келетін мөлшерде абсолюттік мәнде белгіленеді», деп көрсетілген.
Жуырда ауыл шаруашылығы басқармалары өкілдерімен өткен жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті шаруашылықтардың жұмысын сынға алған болатын.
«Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдау үшін қыруар субсидия беріліп отыр. Салықтың 70 пайызына дейін кешіріледі. 2019 жылы 32,4 миллиард теңге демеуқаржы берілді, түскен салықтың мөлшері болса 10,8 млрд. теңге. 2021 жылы 42,8 млрд теңгенің субсидиясы берілді, төленген салық 12,3 млрд. теңге ғана. Жұмыс істеңдер деп бәріне қаражат береміз, тіпті, гектарынан 4 центнерден ғана астық алатындарға да субсидия төленеді. Демеуқаржыны тек жақсы нәтиже көрсеткен шаруашылықтар ғана алуы керек», деген болатын облыс әкімі.
Жалпы, биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 44,5 млрд. теңге субсидия бөлінбек.
Солтүстік Қазақстан облысында минералды тыңайтқыштар сатып алуға 6,5 млрд. теңге бөлінеді
971