СҚО-да 4 соғыс ардагері қалды: Олардың барлығы Федор Щеглов, Дмитрий Сергеев, Василий Макиенко және Валентина Волкодав Петропавлда тұрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагерлердің үйлеріне барып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, табыс етті.
Өңір басшысы батырларымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, бейбіт өміріміз үшін алғысын білдірді. Ақсақалдар Ұлы Жеңістің қалай келгенін айтып берді. СҚО әкімі ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір мен береке тіледі.