СҚО әкімі Жеңіс күніне орай өткен шараларға қатысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

9 мамыр — Жеңіс күніне орай СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Василий Макиенко және тыл ардагері Асия Карабалинамен бірге Мәңгілік алауға және Жеңіс саябағындағы Стелаға гүл шоқтарын қойды. Рәсімге өңір жұртшылығы мен көптеген солтүстікқазақстандықтар қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

photo1715241042 1photo1715241042 2

Жеңіс күні аға буынның батырлығы мен қайсарлығының нышаны болып мәңгі сақталады. Сұрапыл соғыста қиындықтарға төтеп беріп, ерлік танытқан соғыс және тыл ардагерлеріне бас иеміз,  — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Қанды соғыс әр отбасының шаңырағын шайқалтты. Майдан даласында Отан үшін жанын қиған жас жауынгерлерге  мың тағзым. Қаза тапқандардың ерлігі ұмытылмайды.

— Бүгінгі және келер ұрпақ Жеңістің бағасын біліп өсуі керек, оның маңыздылығын ұмытпау қажет. Жеңіс күні әр отбасыға береке мен молшылық тілеймін. Аспанымыз ашық болсын, еліміз гүлдене берсін, — деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz