Елімізде жылу желілерінің 53%-ы тозған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2030 жылға дейін тозығы жеткен жылу желілерін 43%-ға азайту жоспарлапы отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырымды құрайды. Олардың 53% тозған және шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Атап айтқанда, жылу желілерінің Павлодар облысында (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола облысы (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл-74%), Қостанай облысы (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау облысы (Ақтау – 71%) және Қарағанды облысы (Теміртау – 67%) тозығы жеткен, — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету қажеттігін айтты.

— Ол үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желілерін жөндеу қажет. Оған жылына шамамен 250 млрд теңге қаражат керек. Өткен жылы қаржыландыру көздері есебінен 336 шақырым жылу желілері жаңғыртылды, — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz