Өртті алдын алуға 53 мобильді топ құрылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы 3,4 га аумақта 14 өрт тіркелген. Қураған шөп пен қоқыс жанған. Орман-дала өрті болған жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірде өрт қаупі жоғары кезеңнің өту барысынан хабардар етті. Былтыр осы аралықта қоқыс пен қураған шөптің жануының 98 дерегі тіркелген. 26,8 га аумақта 6 орман өрті болған. Биыл өрт қауіпті кезең ауқымды су тасқынына байланысты өңірде кеш басталған.

— Өрттің алдын алу үшін құрамында 366 адам бар 53 мобильді топ құрылған. Рейдтер жүргізіліп жатыр. 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы үш жылда бірнеше ірі өрт тіркелді. Салдарынан 12 жеке тұрғын үй және саяжай қоғамдастығындағы 200 үй-жай жанып кетті.

Өрттің тез таралуына қураған шөп пен қамыстың жиналмауы, минералданған жолақтардың жоқтығы себеп болған, — дейді Дмитрий Растихин.

Маманның айтуынша, өңірде өрттің алдын алуға бағытталған жұмыс өте баяу жүргізіліп жатыр.

— Биыл елді мекендер айналасында 2102 км минералданған жолақтар жасалуы тиіс болса, соның тек 125 км ғана істелінген. 636 елді мекеннің тек 147-сінде ғана аумақтар қоқыстан, кепкен шөптен тазартылған.

Соңғы үш жылда Қызылжар ауданындағы «Серебрянный бор» және «Золотая осень» балалар лагерлерінде екі рет өрт шықты. Сондықтан орман маңында орналасқан облыстағы 67 елді мекен, 15 сауықтыру лагері және 41 демалыс аймағы ерекше бақылауда болуы тиіс, — дейді Дмитрий Растихин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz