СҚО-да 38 млн. ағаш көшеті егіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Аққайың ауданында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен орман шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті. Өңір басшысы өртке қарсы техниканы қарап, орман өрттерін сөндіруге арналған жаңа өрт сөндіру көліктерінің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы ел бойынша 2 млрд ағаш отырғызу міндетін қойды. Біздің облыста 2026 жылға дейін 100 миллион көшет отырғызу қажет. 3 жылда 28 миллион дана егілді.

– Бұл жұмысты күшейту керек. Биыл 38 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда, -деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Ағаш отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін Аққайың ауданында орман питомнигі ұйымдастырылмақ. Одан бөлек, жұмыс істеп тұрған питомниктерді кеңейту көзделген. Бұл жыл сайын 20 миллионға дейін көшет өсіруге және орман отырғызу жоспарын орындауға мүмкіндік береді.

photo1715341403 1 photo1715341403 2

Сондай-ақ, ауданға сапар барысында СҚО әкімі агроқұрылым басшыларымен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңдеуші кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы үлгілі шаруашылық – «Дайындық» серіктестігінде болды. Диқан Біржан Шаймерденов жұмысшылары мен ауыл тұрғындарына барлық жағдайды жасап отыр. Ауылда облыс әкімі тыл еңбеккері Байни Шаймерденованы мерекемен құттықтап, деніне саулық тіледі.

photo1715341360

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz