Футболдан ел біріншілігінің ойындары өтті. Тоғызыншы турда жергілікті «Қызылжар» клубы сырт алаңда тадықорғандық «Жетісу» командасына қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Бұл ойынға дейін Талдықорған қаласының «Жетісу» командасы турнирлік кестеде 4-ші орында тұрса, жерлестеріміз 8-ші сатыға жайғасқан болатын. Осы матчта қос клуб үшін де жеңіс ауадай қажет еді. Өкінішке қарай, бірде-бір аяқдопшы көзге түсе алмайғ екі команда тең тарқасты.
Бірінші тайм басталысымен жерлестеріміз шабуылдауға кірісті. Алайда барлық әрекеттері еш нәтиже әкелмеді.
Ойынның екінші бөлімінде де «Қызылжар» аяқдопшылары есепте алға шығуға ұмтылды. Десе де талдықорғандық қырағы қорғаушылар тосқауыл қоя білді. Осылайша, қос команда тең тарқасты.
Кездесуден соң «Жетісу» командасы бір ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 4-ші орнын сақтап қалды. Ал «Қызылжар» клубы бір сатыға төмендеп, 9-шы орынға жайғасты.