Облысқа су тасқынымен күресуге келген құтқарушылар үйлеріне жіберілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-ға су тасқынының зардабын жоюға келген 8 өңірдің құтқарушылары үйлеріне қайтты. Оларды шығарып салу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев қатысып, алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Құтқарушылар Петропавлдағы Былғары зауыты кенті мен Ойқала шағынауданында және Тепличное ауылындағы тасқын судың зардабын жоюға көмектесті. Жалпы өңірге еліміздің 8 облысынан 114 құтқарушы келген болатын.

– Бізге көмекке келгендеріңіз үшін облыс әкімінің және өзімнің атымнан алғыс білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Түркістан,Павлодар, Қостанай, Ақмола, Абай және Ұлытау, Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан келген құтқарушыларды Қанат Дүзелбаев пен ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев алғыс хаттармен марапаттап, салтанатты түрде шығарып салды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz