Мемлекеттік органның басшылары жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері прокурорлардың актілері бойынша шаралардан бас тартқаны үшін 3 мемлекеттік органның басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 664-бабы бойынша айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО прокуратура мәліметінше, Жамбыл ауданының әкімдігі «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына қайшы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданбаған. Осындай фактілер Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Ақжар ауданының білім беру бөлімінде де анықталды.

Нәтижесінде жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары ӘҚБтК-нің 664-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. Бұл прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбауынан көрінеді.
Қадағалау органының қаулылары бойынша Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz