СҚО-да су астында 50 тонна тұқым қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабарлады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 50 тонна тұқым су астында қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілетеме жасап.

Ведомство Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 170 тоннаға жуық (Ақтөбе облысы – 80 тонна, Қостанай облысы – 40 тонна, Солтүстік Қазақстан облысы – 50 тонна) тұқым су астында қалғанын хабарлады.

– Жалпы алғанда, облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша егін алқаптарын су басу қаупінің басқа деректері тіркелген жоқ. Егін егу науқаны басталған кезде ылғалдылығы тым жоғары алқаптар болса, онда тыңайған алқаптарға дән себу арқылы егіс алқабы кеңейтіледі, – делінген ведомство ұсынған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz