Қазақстанда балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгерді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 14 мамырдағы бұйрықпен балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Енді шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), шығармашылық үйірменің түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірін қамтиды, сондай-ақ ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды.

Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініштері бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып,

өнім берушінің әрбір шығармашылық үйірмесі бойынша жеке құрылады.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі.

Осы норманы қосу арқылы ережелер «білім туралы» Заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкес келтірілді.

Бұдан басқа, түзетулермен кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу себебінен балалардың кезектен шығу себебінен кему жағына қарай және ваучерлерді өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебінен өсу жағына қарай жылжуы көзделеді.

Кезектегі орындармен алмасуға жол берілмейді.

Бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Мәселен, қазір іс жүзінде кезекте баланың және заңды өкілдің аты-жөні, өтініш берілген күні, шығармашылық үйірменің түрі, кезектегі реттік нөмірі көрсетіледі.

Сонымен қатар, бөлу орындарының тізімі жеткізушілер ұсынған мәліметтер негізінде емес, ақпараттық жүйенің өзі ұсынатын мәліметтер негізінде құрылады. Нәтижесінде кезекке қою жеткізуші үшін емес, үйірменің белгілі бір түрі үшін жүзеге асырылады.

Бұйрық 2024 жылғы 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz