Балаларды тасымалдау кезінде бұзушылықтар анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Айыртау және Уәлиханов аудандарында мектеп автобустарының жүргізушілері жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 107,108 тармақтарын бұза отырып, 372 баланы жолға шығу алдындағы медициналық тексерусіз тасымалдаған.

Ал М.Жұмабаев және Аққайың аудандарының білім беру ұйымдарында ереже талаптарына қайшы, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімдер жасалмаған. Сондай-ақ автобус жүргізушілері алкогольдік және есірткілік заттарды пайдалану фактісі бойынша медициналық тексеруден өтпеген.

Аққайың ауданында 4 білім беру мекемесі ереже талаптарын бұза отырып, балаларды алғашқы көмек қобдишасыз және жедел жәрдем белгісінсіз тасымалдаған.

– Кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтар жойылды. Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 1632 баланың құқығы қорғалды. Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында, — делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz