Петропавлда құрылыс қарқыны жоғары

Авторы: Qyzyljar News

Биыл облыс орталығында 400 мың шаршы метр баспана пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Петропавлда 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның 23-і – бюджеттік, қалған 18-і – коммерциялық. Мәселен, Уәлиханов көшесінің бойында 3 тоғыз қабатты үй салынып жатыр. Былтыр шілде айында салына бастаған 72 пәтерлік баспананың жалпы ауданы – 2,5 мың шаршы метр. 1,2,3 пәтерлі болады. Аудандары 71, 54 және 39-42 шаршы метрді құрамақ.
Мамандардың айтуынша, салынып жатқан көпқабатты үйлердің барлығы да ипотекалық несиеге «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында берілмек. Петропавлда жаңа көпқабатты тұрғын үйлерді тұрғызу үшін 2017 жылдан бері 1700-ге жуық ескі жеке баспаналар сүрілді. Нәтижесінде 4800 адам тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының алқа отырысына қатысқан өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов, биыл 14 бюджеттік және 14 несиеге берілетін үйдің құрылысы басталатынын атап өткен болатын. Оның ішінде 9 көпқабатты үй «Копай» мөлтек ауданында салынады.
Өңірімізде алдағы бес жылда мемлекеттік бағдарламалар аясында 90-ға жуық көпқабатты тұрғын үй және оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге 1,5 мың жеке баспана салынбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz