Петропавлда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Айтулы мейрамға орай, Петропавлда салтанатты шара өтті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде аталмыш салада еңбек етіп жүрген 40-тан астам азамат марапатталды. Оның 10-ы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен наградтталды. Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев қатысты.

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері, ардагерлері  сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Халық арасында мәдени құндылықтарымызды насихаттап, дамытып жүрген жандар өздеріңізсіздер. Елімізде мәдениет саласын дамытуға көп көңіл бөлінген. Президенттің тапсырмасымен, барлық өңірде шығармашылық индустрия орталықтары ашылмақ. Біздің облыста да бұл орталықта тек талантты да шығармашыл жастар, өнер иелері бас қосады деп ойлаймыз. Әрқашан еңбектеріңіз еленіп, өңірімізде талантты жастар көбейе берсін, – деді облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев.

Іс-шара барысында 43 өнер және мәдениет саласы қызметкерінің еңбегі еленді. Солардың бірі Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапханасының директоры – Гүлназия Бикенева. Ол облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz