СҚО-да тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балаларына жазғы демалыс ұйымдастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімдігінің отырысында балалардың жазғы сауықтыру демалысына дайындық мәселесі қаралды. Биыл облыс бойынша 1-10 сынып оқушыларының 94 пайызын жазғы демалыстың бірнеше түрлерімен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жазғы кезеңде 11 демалыс лагері жұмыс істейтін болады. Маусымның ашылуы 10-15 маусым аралығында жоспарланған. 10 күнге созылатын 5 маусым анықталды, 6145 бала қамтылмақ.

Оған қоса, су тасқынынан зардап шеккен балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету жұмыстары да ұйымдастырылды. Қазірдің өзінде 106 бала демалысқа жіберілді.

photo1716363541
Отырыс қорытындысы бойынша СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру мәселесімен жүйелі түрде айналысу керектігін атап өтті. Аймақ басшысы жазғы лагерьлердің маусым басталуына толық дайын болуын қамтамасыз етіп, балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz