Заңсыз берілген жер учаскелері анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір прокурорлары жер қатынастары саласына талдау жүргізіп, өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Әкімдіктер жер учаскелерін конкурстан тыс заңсыз берген, кей жер ұзақ уақыт пайдаланылмаса да қайтарып алу үшін шара қолданылмаған, сондай-ақ меншік құқығы үшін жер пайдаланушылардан төлем алынбаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.  

Мысалы, Есіл, Уәлиханов, Шал ақын, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының жер пайдаланушылары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабын бұзып, жалпы аумағы 8,5 мың гектар болатын 65 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған. Осыған қарамастан жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары бұл жерлерді алып қою үшін тиісті шара қолданбаған.

Айыртау ауданы әкімдігі мен Петропавл қаласы жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сай жасалған келісімдер бойынша жер пайдаланушылардан берешекті өндіріп алуға әрекет етпеген. Салдарынан меншік және жалға алу құқығын сатып алу үшін олардың қарызы 94 млн. теңгеге жеткен.

Сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жеке және заңды тұлғаларға конкурстан тыс 6 жер телімін берген.

Қадағалау органының актілері бойынша 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, мемлекетке келтірілген залал — 44 млн теңге өтелді, жалпы кадастрлық құны 180 млн. теңгеден асатын 20 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz