Петропавлда көмір тапшылығы жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе. Қала тұрғындары қара күзден бастап отын кезегінде тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Темір жол бойындағы көмір түсіретін арнайы орында ұзын-сонар кезек. Себебі, әкелінген көмір жетпей жатыр. Ал, тиісті ведомство басшылары болса, бәрі жоспарға сай жеткізіліп жатыр, деп отыр.
-Айтарлықтай кешеуілдеулер жоқ. Қаңтарда жоспарға сай 60 вагон келді. Ақпанға жоспарланған 100 вагонның, 30-ы әкелінді. Көмір кенінен Петропавлға дейін 3-4 тәулікте әкелінеді, дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығыны басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов.
Жалпы, өңірде көмірдің бағасы 9 — 15 мың теңге аралығында.