Петропавлда өзін баллонымен жарып жіберген қария көз жұмды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда мамырдың 22-сі күні жеке тұрғын үйлердің бірінде оқыс оқиға тіркелді. 94 жастағы қария газ баллонымен өз үйін жарып жібермек болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Оқиға орнынан дереу ауруханаға жеткізілген қария көз жұмды. Бұл туралы СҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Естеріңізге салсақ, мамырдың 22-сі күні 94 жастағы қария әйелімен жанжалдасып, үйіне төрт газ баллонын кіргізген болатын. Кейін от қойып, отбасын жарып жіберуге тырысты.  Полицейлер аталған фактіге қатысты «өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

— Ауруханаға ауыр халде  жеткізілген қария мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні ауруханада көз жұмды. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған, — дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz