СҚО-да кәсіпкерлерге жалған бионегіздеме беріліп келген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде үш жылдан бері  кәсіпкерлерге  жалған бионегіздеме  беріліп келген.  Ал осы зерттеу үшін  120 мың теңгеден төлеген 20 кәсіпкер биыл балық аулау лимитінен қағылуы әбден мүмкін.  Бұл жайында  кәсіпкерлік палатасы жанындағы  кәсіпкерлердің құқығын қорғау және  сыбайлас жемқорлықпен күрес  жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Белгілі болғандай жергілікті кәсіпкер – «Су ғылыми-тенология орталығы»  ЖШС-нің директоры Александр Рейбандт  қолына түскен биологиялық негіздемелердің бірінен    серіктестігі  бірлескен орындаушы ретінде көрсетілгенін көзі  шалады. Бұл құжат балық шаруашылығымен айналысатын бизнес субъектілеріне су объектілерінен балық аулау көлемін анықтау үшін қажет. Ал тоғандарды тазартуға мамандандырылған «Су ғылыми-тенология орталығы»  ЖШС  мұндай ғылыми қызмет көрсетпейді.

Жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындаудың қолданыстағы қағидаларына сәйкес мұндай құжаттарды дайындаумен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері айналысады. «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-де мұндай аккредиттеу бар, бірақ олар тек су айдындарын тазарту бойынша қызметтер көрсетеді. Александр Рейбандт  біреу  серіктестік атауын өз мақсаттары үшін заңсыз пайдаланып жатқанын түсініп,   бірден облыстық  кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

— Жоғарыда аталған  бионегіздемелерді  «Экосфера» қоғамдық бірлестігі  әзірлеген. Бұл ұйым «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-нің мөрлерін  бионегіздемеге сканерлеп қойған  және кәсіпорынның  атына берілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін тіркеген. Сондай-ақ осы ғылыми зерттеулердің қатысушылары ретінде М. Қозыбаев атындағы университет және «Баймашева»  жеке кәсіпкерлігі  көрсетілген,  – деді кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы  Айдос Кеңпейілов.

Кейін анықталғандай «Экосфера»  қоғамдық бірлестігі облыстың 150-ден астам су айдынына «күмәнді» биологиялық негіздемелер берген.  Әзірлеуші және Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы  бұл негіздемелердің барлығын облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жіберген.  Аталған құжаттар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамалар беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық ресурстары комитеті мемлекеттік экологиялық оң сараптамалары бар  бионегіздемелерге сүйене отырып,   балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулаудың жыл сайынғы лимитін бекітеді. Осының салдарынан  өңірімізде 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде «күмәнді» бионегіздемелер бойынша оң мемлекеттік сараптамаларға сүйене отырып 400 тоннадан астам көлемде балық аулауға арналған лимит бекітілген. Кәсіпкер  ведомствоның сайтында үш жыл ішінде өз кәсіпорнының мөрі мен өз қолы көрсетілген  345 ғылыми зерттеу  тапқан.

— Яғни, үш қызметкері ғана  бар  «Экосфера» қоғамдық бірлестігі  үш жыл ішінде бізбен, М. Қозыбаев атындағы университеті  және «Баймашева»  жеке кәсіпкерлігімен бірлесе отырып  345 көлді зерттеген.  Бұл ретте мен «Баймашева»  жеке кәсіпкерлігінің иесімен телефон арқылы байланысқа шықтым, Ол Петропавлдан 11 жыл бұрын кеткен және бұл іске мүлдем қатысы жоқ, –  деп атап өтті «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-нің  директоры Александр Рейбандт.

 

Ал бионегіздемелерде көрсетілген М.Қозыбаев атындағы университеттің қызметкерлерінің  мұндай құжаттарға қол қоюға ешқандай құқығы жоқ.

Әділдікті іздеген  серіктестік директоры  дегеніне жетті.  Барлық «күмәнді» бионегіздемелер кері қайтарылды. Ал  ғылыми зерттеулерге қатысты заңсыздықтарға  тергеу органдары мен прокуратура нүкте қояры анық.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz